Kyzylorda-news.kz. Биыл әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалымен 55 медициналық қызмет көрсетушілермен келісім – шарт жасалған, оның ішінде 28 – мемлекеттік, 27–жеке меншік. Сондай-ақ төлем халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

«Клиникалық хаттамаларды және емдеуге қажетті талаптарды сақтай отырып, факті бойынша көрсетілген және құжатпен расталған қызметтер ғана төленеді. Пандемия кезінде табысынан айырылған немесе бенефициарлардың арасынан шыққан азаматтар медициналық сақтандыру жүйесіне қайтарылады және медициналық көмектің барлық көлемін ала алады. Мәртебені алу үшін азаматтарға қандай-да бір жерге барудың қажеті жоқ. Барлық деректер ақпараттық жүйелерде автоматты түрде жаңартылады»-деді “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Қазіргі таңда, қор уәкілетті министрліктермен бірлесіп, 2020 жылдың 1 қазанына дейін МӘМС жарналары мен аударымдарынан босатылған ШОБ-тың сақтандырылған қызметкерлеріне мәртебе беру бойынша жұмыс жүргізуде. Жұмыс берушілер «Saqtandyry» ақпараттық жүйесінде қызметкерлердің ЖСН-ін тіркеуі қажет. Ол үшін Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтына https://msb.fms.kz/login сілтемесі бойынша өтіңіз. Яғни тіркеуді «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасы арқылы өтуге болады.

Тағы да оқыңыз: