Kyzylorda-news.kz. Осыдан сегіз жыл бұрын қызылордалық Күлжан Өксікбаеваға «II типті қант диабеті» диагнозы қойылды. Осы уақытқа дейін ол ұйқы артерияларына стенттерді орнату бойынша бірнеше рет отаулардан өтті. Қазір Күлжан Әкімқызы инсулинді қабылдап жатыр. Кезекті ота қарсаңында «Daria Med» медициналық орталығының күндізгі стационарында емделуде.

«Ота жасалғандықтан, эндокринолог «Daria Med» клиникасының күндізгі стационарында емделуді ұсынды. Аталған медицина мекемесінде учаскелік дәрігер жолдамасы арқылы емделіп жатырмын және барлық дәрі-дәрмектерді тегін алудамын. Қазіргі таңда денсаулығым жақсарды. Клиниканың медициналық қызметкерлеріне кәсіби шеберлігі мен сезімталдығы үшін алғыс айтамын. Мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмыс істейтініне көзім жетті. Бұған дейін маған Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық орталықта және көпбейінді облыстық ауруханада ақысыз ота жасалған болатын. Барлық сақтандырылған азаматтар қымбат медициналық қызметтерге қол жеткізе алады», – дейді Күлжан Үксікбаева.

2020 жылы ТМККК және МӘМС шеңберінде 50 734 қызылордалыққа стационарды алмастыратын көмек көрсетілді. Бұл мақсатқа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 4 704,6 млн теңге бөлінді.

2021 жылдың 2 айында аймақтың күндізгі стационарларында 10 882 адам емделді, осыған 1 040,6 млн теңге бағытталды.

Тағы да оқыңыз: