Kyzylorda-news.kz Алматыда Түрксіб ауданындағы аулалардың бірінен әйелдің мәйіті табылғаны туралы видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, мәйіт пәкетке оралған. Кадрлардан оқиға орнын полиция қоршауға алғанын көруге болады.

Алматы полиция департаменті ақпаратты растап, аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Оқиғаның мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», – делінген Алматы полиция департаментінің хабарласында.

Полиция қылмыстық-процестік кодекске сәйкес басқа мәліметтердің жарияланбайтынын мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Таразда жалдамалы пәтерден екі әйелдің мәйіті табылғаны туралы жазған едік.

Тағы да оқыңыз: