Kyzylorda-news.kz Қалалық парк аумағында Наурызнама онкүндігі аясында «16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне» орай ұйымдастырылған «Санамызды сергіткен салт-дәстүрім – Наурыз» атты мерекелік концерт өтті.
Шара барысында ұлттық өнеріміз дәріптеліп, әсем ән мен күмбірлеген күй, мың бұралған би көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан салт-дәстүрлері насихатталып, ұлттық құндылықтардың маңызы кеңінен дәріптелді.
Ұлыстың ұлы күні жақындаған сайын, халқымыздың бірлігі мен берекесін арттыратын осындай игі шаралар жалғасын таба бермек.
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
