Kyzylorda-news.kz А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Мәдениет – өмір мәйегі» атты мерекелік іс-шара өтті.
Арда өнерді үкілеп, ұлт құндылықтарына адалдығын жоймаған мәдениет саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне арналған шараны қала әкімінің орынбасары Бақытжан Омаров ашып беріп, айтулы мерекеге орай Қызылорда қаласының мәдениет және өнер саласының өркендеуі мен дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар мәдениет майталмандарын марапаттады.
Айта кетейік, облыс, қала әкімі мен басқарма басшысының арнайы алғыс хаттарынан бөлек шарада Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының АЛТЫН медалімен мәдениет саласының ардагері Тілеген Бекарыстанов, "Мұхтар Әуезов" медалімен Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Қауырсын» жас ақындар үйірмесінің жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері Мамыр Байдәулетов, "Низамедин" медалімен Қызылорда қаласы Жастар театрының директоры, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Алашқа белгілі ақын Нұрмат Мансұр мен Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйі жанынан құрылған «Арайлы» би тобының және «Ақмарал» би студиясының жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, белгілі режиссер-хореограф Ақмарал Қойшығұлова марапатталды.
Салтанатты кеш қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.