Kyzylorda-news.kz  Сыр жұртшылығын әнші, ақын, сазгер, ҚР "Мәдениет саласының үздігі" Индира Елубаева Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қадірлі Сыр бойы. Қадірлі қазақстандықтар!

Ұлтымыздың ұлы мерекесі, егемендігіміздің еңселі тірегі – Тәуелсіздік күні құтты болсын.

Ғасырлап күткен арманды, дәуірлер қол жетпеген аңсауды жақындатқан бостандық күні мен еліме тыныштық пен халқыма ырыс-береке тілеймін.

Біздер еркін ән жырғап, ән жазып, шығармашылықтың айдынында алаңсыз ғұмыр кешсек, ол Тәуелсіздіктің арқасында деп білемін.

Ел деп соққан жүректер тоқтамасын. Мемлекетіміздің мерейі арта берсін.

Тағы да оқыңыз: