Kyzylorda-news.kz Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетовтің төрағалығымен Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің кеңейтілген қорытынды алқа мәжілісі өтті.

Алқа отырысына кент, қала және ауылдық округ әкімдері, мәдениет үйлері мен клубтар, кітапхана, музей, архив басшылары, сала қызметкерлері қатысты. Жиынның күн тәртібінде 3 мәселе қаралып, 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алдағы міндеттер талқыланды.

Бірінші мәселе бойынша аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғани Дармағанбетов хабарлама жасап, мәдениет саласындағы негізгі көрсеткіштер, ауылдық клубтардың материалдық-техникалық базасын нығайту, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра нысандарын құжаттандыру жұмыстарының өзекті мәселелері көтерілді. Аталған бағыттар бойынша аудан әкімінің орынбасары тарапынан кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріліп, орындалу мерзімдері белгіленді.

Екінші мәселе бойынша Р. Бағланова атынщағы аудандық мәдениет орталығының директоры Кемеңгер Өтеп баяндама жасап, аудандық мәдениет орталығы тарапынан «Адал адам» мәдени-тәрбие орталықтарының жұмысы талданды. Бұл бойыншада бірқатар ауылдық клубтардың қызметіне қатысты кемшіліктер айтылды. Бұған байланысты Дәурен Оңғарбайұлы жауаптыларға әдістемелік көмекті күшейту, тоқсан сайын мониторинг жүргізу және мәдени шаралардың сапасын арттыру, әлеуметтік желілер арқалы өткізілген шараларды халыққа жеткізу, насихаттау жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Үшінші мәселе бойынша аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Индира Назарова баяндама жасап, аудандық «Руханият» орталығының қызметі сараланды.

Жиын барысында аудандағы мәдениет саласын дамытуға бағытталған жұмыстардың барлығы Президентіміздің, облыс әкімінің, аудан басшысының бастамалары аясында жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқаны айтылып, сала басшыларына нәтижелі жұмыс жүргізу міндеті жүктелді.

Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары тарапынан жиында берілген барлық тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда болатыны айтылып, белгіленген мерзімдерде жазбаша ақпарат ұсыну талап етілді.

Тағы да оқыңыз: