Kyzylorda-news.kz Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай партияның облыстық филиалында салтанатты шара ұйымдастырылып, мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер мен белсенділер марапатталды.

Сала өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтаған партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай мәдениет пен өнердің ұлт руханиятының алтын діңгегі екенін атап өтіп, мәдениет қызметкерлерінің қоғамдағы орнына ерекше тоқталды.

«Мәдениет – ұлттың рухани келбеті. Сіздер ұлттық құндылықтарды дәріптеп, руханиятымызды байытып келесіздер. Өнер мен мәдениеттің дамуына қосып жүрген еңбектеріңіз өлшеусіз. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілеймін», – деді ол.

Филиал төрағасы өз сөзінде өңірде мәдениет саласын қолдау бағытында «AMANAT» партиясы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды да атап өтті.

«AMANAT» партиясы мәдениет пен өнер саласын әрдайым қолдап келеді. Әсіресе, осы салада еңбек етіп жүрген азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мен өңірдегі мәдени инфрақұрылымды дамытуға басымдық берілуде. Мәселен, соңғы үш жыл ішінде партияның сайлауалды бағдарламасы аясында облыста 10 мәдени нысан ел игілігіне берілді. Сондай-ақ мәдени ошақтарды сақтап қалу мақсатында 10 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл бастамалар тұрғындардың мәдени ортаға қолжетімділігін арттырып, өңірдің рухани өміріне серпін беруде. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері мен сала мамандарының жалақысын көтеру, әлеуметтік мәртебесін арттыру мәселелері де партияның тұрақты бақылауында. Партия жанындағы «Miras» кеңесі мәдениет пен өнерді қолдау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және шығармашыл азаматтарға қолдау көрсету бағытында белсенді жұмыс атқарып келеді. Кеңес бастамасымен түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар, кездесулер мен рухани жобалар тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады», – деді Жандос Базартай.

Салтанатты шара барысында мәдениет саласының бірқатар қызметкерлері мен өнер өкілдері Дәулет Кәрібектің Алғыс хатымен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: