Kyzylorda-news.kz Шиелі ауданы әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен Креативті индустрияны дамыту және мәдениетпен өнер салаларын цифрландыру туралы мәжіліс отырысы өтті.

Мәжілісте цифрландыруды дамыту, жаңа технологияларды енгізу, электронды қызметтерді қолжетімді ету бағыттары талқыланды.

Аудан әкімі цифрландыру процесі халық үшін қолайлы орта қалыптастырып, мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі тиімді көрсетудің маңызды құралы екенін атап өтіп, бұл бағытта атқарылатын жұмыстарды одан әрі жандандыру қажеттілігін айтты.

Цифрландыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады. Тұрғындарымыздың өмірін жеңілдетуге арналған бұл қадамдар ауданымыздың дамуына үлкен үлес қосады.

Сонымен қатар,ел қауіпсіздігі мен тыныштығы әрқашан басты назарда болуы керек. Әскер қатарының толық болуы еліміздің қорғаныс қабілетін арттырады. Осыған байланысты, әскерге шақырылған азаматтардың шақыру пункттеріне уақытылы және толық қатысуын қамтамасыз ету қажет. «Жоспардың орындалуы қатаң бақылауда болады, әскерге барудан жалтарған азаматтарды іздестіру және заң бойынша тиісті шаралар қабылдау маңызды» – деп атап өтті аудан әкімі

Осы маңызды мәселелермен қатар, Наурыз мейрамын ұйымдастыру, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетімізді насихаттау, Әз –Наурыз күні аудан тұрғындарына көңілді күй сыйлау үшін қажетті шараларды ұйымдастыруды тапсырды.

Фото: Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: