Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің бастамасымен Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қоғамдық келісім мен ұлттық  бірлікті нығайту саласындағы қоғамдық құрылымдардың  рөлі» тақырыбында республикалық лекторий өтті.

Лекторийға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы мен қызметкерлері, Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы құрылымдардың, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, зиялы қауым мен жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жанғазиева Эльмира Ұласбекқызы модераторық еткен лекторийда Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Бекмағанбетов Өмірбай Жолдыбекұлы, Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Қожамберлиев Баймырза Қожамберліұлы мен университет оқытушысы Телеубаев Талғат Рахымұлы, Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-сі директорының орынбасары, тарихшы, PhD докторы Омаров Дәулет Кәрібайұлы мен бөлім басшысы, саясаттанушы Үсенбаев Бауыржан Серікұлы баяндама жасады. 

Лекторийде этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық шиеленістердің алдын алу бағытында келелі ойлар айтылды.

318436320_3375060689479754_5345306348971697101_n.jpg

Тағы да оқыңыз: