Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап, билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін айтқан болатын.

Президент тапсырмасына сәйкес, Қызылорда облысында атқарылып жатқан жұмыстары легі жетерлік. Қазіргі таңда жаз мезгілі болғандықтан, балалардың бос уақытын тиімді өткізу ісі нақты қолға алынды.

Атап айтар болсақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы мен кәсіподақ ұйымы бірлесе Президент тапсырмасына сәйкес балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға атсалысты. Филиал қызметкерлерінің балалары Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» тынығу лагерлерінде демалуы үшін жолдаманың 50 пайыз ақысын төлеп берді. Бүгінде 25 бала Талдысуда тынығып, жазғы уақыттарын қызықты өткізіп жатыр. Балалардың өздеріне жасалған сыйға айтар алғыстары шексіз.

Алдағы уақытта ата-аналардан сұраныс болған жағдайда филиал мен Кәсіподақ ұйымы Қамбаш көлі жағасындағы «Шағала» лагерінің жолдамасына да жеңілдік жасайтын болады.

Жалпы, Балалар жылында мұндай игі істер өз жалғасын табатын болады.

Тағы да оқыңыз: