Kyzylorda-news.kz. Біз үлкен қоғамда өмір сүреміз. Ал оның әрбір мүшесі – жеке тұлға, түрлі тағдыр иесі. Тағдырдың сан тарау жолдары біреу үшін бұралаң, енді біреу үшін тақтайдай тегіс. Сондай-ақ Тәңірдің сынағына сынбай, тағдырға төзіп жүргендер қанша? «Үміт еткен көзімнің нұры балам» дегендей, перзентінің өзгеден ерек болып өмір есігін ашуы кімге де болса оңай емес. Алайда осы сынақты еңсеріп, перзентінің денсаулығы үшін алаң қылып, қоғамға араласуына жағдай жасайтын бірден-бір жан ол, әрине, ата-ана. Қазір оларға демеу болып, баланың белсенділігінің артуына, жаңа қабілетінің ашылуына сеп болатын мекеме мен орталықтар бар. Солардың бірі – психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті. 

Қазіргі таңда Қармақшы ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті Жосалы кентінде «№250 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі  жекелеген бөлмелерін өтемсіз мүліктік жалдау арқылы кеңсе ретінде пайдаланып отыр. Аудандық бюджеттен кабинетке түзете-дамыту сабағына ерекше білім беруді  балаларға   түзете-дамыту   сабақтарын сапалы  жүргізу мақсатында  арнайы  құрал-жабдықтар  алуға 1000,0 мың теңге қаржы бөлініп, құрал-жабдықтар алынып, сабақ барысында қолдануда.

Негізінен мекеме «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары негізінде облыс әкімдігінің 2005 жылғы 1 наурыздағы №331 санды қаулысымен және облыстық білім департаментінің 15.03.2005 жылғы №74 санды бұйрығымен «Қармақшы ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мемлекеттік мекемесі болып құрылған. Оған алғашында ауданға белгілі ардагер-ұстаз Дәмелі Жалғасбаева басшылық етсе, қазіргі таңда мекеме меңгерушісі білікті ұстаз, тәжірибелі психолог Ләззат Мұсаева өз қызметін абыроймен атқаруда.

Негізінен мекеме «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары негізінде облыс әкімдігінің 2005 жылғы 1 наурыздағы №331 санды қаулысымен және облыстық білім департаментінің 15.03.2005 жылғы №74 санды бұйрығымен «Қармақшы ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мемлекеттік мекемесі болып құрылған. Оған алғашында ауданға белгілі ардагер-ұстаз Дәмелі Жалғасбаева басшылық етсе, қазіргі таңда мекеме меңгерушісі білікті ұстаз, тәжірибелі психолог Ләззат Мұсаева өз қызметін абыроймен атқаруда.

Түзету кабинеті кімге және қандай қызмет көрсетеді деген сауалдың тууы заңды. Бұл – арнайы түзетуші топтық, шағын топтық және жеке дамытушы бағдарламаларды іске асыратын және ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін құрылған арнайы білім беру ұйымының бірі. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балалардың түрлі санатына, соның ішінде 0 мен 18 жас аралығындағы психикалық, ақыл-ой дамуы кешеуілдеген, тірек-қимыл аппараты, есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған, ерте жастан аутизммен зардап шегуші, эмоциялық ерік жағынан кемшілігі бар балаларға психологиялық және педагогикалық тұрғыда түзете-дамыту жұмыстарын жүргізеді. Ал кабинет «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» және «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік қызмет көрсету талабына сай балаларға және олардың ата-аналарына қызмет көрсетеді.

Орталықтың кіреберіс дәлізінің оң жақ бұрышындағы «Әр бала өзгеше, ерекше» атты қабырғаға ілінген фотосуреттерден бастады. Мұнда орталыққа келуші балалардың түрлі байқаулардағы жетістіктері көрініс тапқан. Атап айтсақ, Назым Абдұлқасымқызы халықаралық «Жұлдызай» фестивалінен вокаль бо¬йынша І орын алса, Нұртуған Рүстемұлы республикалық «Туған елім – алтын бесігім» атты байқаудан жүлде алған. Ал, Ахметжан Қылышбеков республикалық «Отаным, саған айтамын» атты сурет байқауынан І орын алыпты. Нұржан Әскербекұлы республикалық «Балбұлақ» балалар шығармашылығы байқауының «Тәуелсіздік – ел еркіндігі» аталымы бойынша жетістікке жеткен. Осы қатарда Нұрсұлтан Тоқшылық, Әмірлан Ханжаббар, Назар Самалбек, тағы басқа да балалардың шығармашылық жарыстардан жеңістерін көруге болады.
Түзету кабинетіне келетін балалардың денсаулығында кінәрат болатындықтан, олармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде дефектолог маманның да қызметі ауадай керек.

– Мен туа және жүре пайда болған бойында кемістігі бар балалармен жұмыс істеймін. Менен 16 бала қызмет алады. Олардың арасында науқастылығының ауыр да, жеңіл де түрі кездеседі. Тілдік қоры аз, сөйлеуге қиналатындары да бар ішінде. Кей бала мүлдем сөйлей алмай келеді. Логопед маман дыбыстарды қоюға көмектессе, ал мен оны әрі қарай дамытып, сөйлетіп жатырмын. Ол үшін жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдаланамыз. Сурет құрастыра отырып, баланың сөйлеу тілін дамытсақ, математикалық білімі қоса игеріліп отырылады. Мысалы, мына суреттегі алманың нешеу және түсінің қандай екенін құрастырмақ кезінде балаға үйрету әлдеқайда жеңіл және тиімді, – дейді дефектолог маман Райхан Мұхамбетәлиқызы.
Түзету мекемесінің тағы бір маңызды бөлмесі – сенсорлық кабинет. Онда педагог-психолог Рауа Бұйрабаева қызмет көрсетеді. «Ба¬ланың қоғамға, қоршаған ортаға бейімделуіне сенсорлық бөлменің маңызы айрықша. Ақыл-ойының, есте сақтау қабілетінің дамуына септігі зор. Алғаш бізге келгенде балалардың дені ашуланшақ болып жылап келеді. Сондайда релакс музыка қосамыз. Өзіңіз көріп тұрғандай, бөлме түрлі-түсті жабдықтармен жарақталған. Мысалы, «Құрғақ бассейн» жұмсақ шарлармен толтырылған.

Ол науқастың орталық жүйке жүйесінің, тыныс алу ағзасының, жүрек-қан тамырлары мен тірек-қимыл қозғалысының қызметін жақсартуға жақсы жәрдемдеседі. «Құм терапиясының» – баланың қиял, бейнелік, сөздік, логикалық ойлауына септігі мол болса, «Құрғақ душ» – сергектік сыйлай алады. «Құс жолы кілемшесі» – визуалды сезімдерді дамытса, «Музыкалық жастықша пуфигі» – бала денесіне массаж ретінде жайлы әсер етеді. Тағы бір тиімді әдісіміз – «Сенсорлық соқпақ жол», «Ғажайып тасбақа», «Түрлі-түсті дидактикалық балалар манежі», «Көп функционалды кемпірқосақ жиынтығы (кубиктер)», «Қуыршақ театры» секілді дидактикалық құрал-жабдықтардың балалардың түстерді көріп-қабылдауына, ажыратуына, зейіні мен есте сақтау қабілетінің артуына және қимыл-қозғалысының ширауына ықпалы көп» дейді ол тәжірибесімен бөлісіп.
Орталықта бала денсаулығын түзете қалпына келтіруде педагоглогопедтің де айтарлықтай орны бар екені рас.

«Логопед болып жұмыс істегеніме он жылдан асты. Сарапшы-педагог санатындамын. Біздің қызметке сұраныс та, өтініш те көп-ақ. Жас деңгейіне байланысты қабылдаймыз. Сабақ кестеме сай 18 баланы қабылдап жатырмын. Бір өкініштісі, қоршаған ортаның ба, әлде телефонның әсері ме екен, сөйлемейтін балалар көбейіп кетті қазір. Әсіресе, сөйлеу тілі тұрмыстық деңгейден аса алмайтындар басты орында. Ата-аналарға бала сөйлемесе немесе әріптерді дұрыс айта алмаса, 2 жастан бастап-ақ әкеле беріңіздер біздің көмекке деп жатамын. Бірақ соның өзі кейде кеш болып қалады. Көбіне мектепке баратын уақытта, 5 жасқа толғанда әкеледі баланы ата-анасы. Жалпы бала бір жарым жасынан бастап сөйлеуі тиіс. Сол жастан асты ма, маманға сүйеніңіз. Проблема болған жағдайда, әуелі невропатолог дәрігер қарайды. Біз дәрігердің қойған диагнозына сай, әрі қарай жұмыс жүргіземіз. Нәтижелеріміз жаман емес. Бұл жерде ата-ана басты рөлде. Менің үйде жасау керек тапсырмаларымды тиянақты орындаса, әлбетте нәтижеге тез қол жетеді. Тәжірибемде бір аптада сөйлеп кеткен балалар болды. Ең жеңіл диагноз – ол дыбыс қою болып саналады. Бала үйде күнделікті айтқан жаттығуларды қайталап, дұрыс жасап отырса, әрі кеткенде 3 айда нәтижеге жетуге болады» дейді білікті маман Мереке Жүсіпова.

Сондай-ақ айтулы мекемеде Гүлжаухар Нұрпейісова, Назерке Әлібекқызы, Балнұр Шорманова тағы басқа да кәсіби мамандар бала денсаулығының жақсаруына аянбай еңбек етіп жүр.Жұмыс үрдісінде ата-аналармен де дидарласудың сәті түсті. Кент тұрғыны Мая Маханованың мұндағыларға айтар алғысы шексіз.

– Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне Нұржанымды әкеле бастағаныма біршама уақыт болды. Осында келгелі баламда жақсы өзгерістер байқалады. Бұл жаққа келмей тұрғанымызда бізді тыңдаңқырамайтын, сөйлемейтін. Қазір шүкір, жаймендеп нәтижеге келе жатырмыз. Қысқа сөздерді айтатын болды. Бұл кісілердің көрсететін қызметімен қатар, адамгершілік қасиеттеріне де разымыз. Ақыл-кеңес беріп, бағыттап отырады. Нағыз өз ісінің шеберлері. Ата-ана ретінде айтатын өтінішім бар еді. Түзету кабинеті бүгінде мектептің ішінде орналасқан. Мекеме негізінен науқас баламен жұмыс жүргізетіндіктен, бұларға тыныштау жер қолайлы болмақ. Келешекте өздеріне бөлек орын берілсе, біздерге, ата-аналарға да ыңғайлы болған болар еді, – дейді Мая Маханова ата-ана ретінде өтінішін жеткізіп.

Түзету кабинетін 2015 жылдан бері тәжірибелі психолог-дефектолог Ләззат Мусаева басқарады.

– Қабылдап алғанымда мамандар¬дың барлығы бір кабинетте отырған болатын. Мұның баламен жұмыс істеуге қолайлы емес екені анық. Содан ізденіп жүріп, республика көлеміндегі осындай түзету кабинеттерінің көптеген орталықтарында болып, зерделеу жасадым. Содан ұққаным, әрбір маман жеке-жеке жұмыс жасауы керек екен. Аудан басшылары мен білім бөліміне өтінішімді айта жүріп, жыл сайын бір бөлмеден қосып отырдық. Қызметке келе салысымен білімімді жетілдіруге мән бердім. Себебі, қай жерде де маманның кәсіби шеберлігі үлкен маңызға ие. Қазір 6 кабинетіміз бар. Бізге келетін балалар ерекше болған соң, мамандарға олардың жағдайын жасауды, психологиялық-моральдық тұрғыдан да жауапты болуларын құлақтарына салып отырамын. Осымен болдық, толдық деген болмайды. Әлі де жетілуіміз керек. Жоспарларымыз да аз емес алға қойған. Қазір бізге тұрақты түрде 53 бала келеді. Тек қана баламен жұмыс істеп қоймаймыз, олардың ата-аналарымен де жақын қарым-қатынастамыз. Өйткені, баланы нәтижеге жеткізу үшін ата-анамен жылы байланыста болу аса маңызды. Құрал-жабдықтар алуға азаматтарымыз, демеушілер қол ұшын созып тұрады, – дейді Ләззат Сұлтанбекқызы бізбен әңгімесінде.
Жақсының жақсылығын айту ләзім десек, олар – елдің елдігіне адалдық танытып жүрген «Азамат» жеке қайырымдылық қоры президенті Алмагүл Сейсенова, «Абай-Дәулет» ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаев, Жосалы кентінің әкімі Шыңғыс Әбділәмитұлы, кәсіпкер апамыз Жанар Бұқпанова, мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Данияр Қосбергенов, ерікті Әсем Мерековалар. «Басшы ретінде, мамандардың білімін жетілдіруге қатты мән беремін. Себебі, жаңалыққа, жақсылыққа ілесіп отыру заман талабы. Биылғы Балалар жылында барша балаға шат күлкі, риясыз балалық шақ, денсаулық тілеймін. Ауырмасын, дендері сау болсын» дейді ақ тілегін білдірген Ләззат Сұлтанбекқызы.

2021 жылы – 53 тәрбиеленіп, оның ішінде 20 мектепке барды.  2022 жылы – 52 тәрбиеленсе, оның ішінде 40 бала мектепке барды. Ал быилғы жылы – 55 бала тәрбиленуде. Қармақшы ауданының психоогиялық-педагогикалық  түзету кабинетінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының арнайы білім саласының дефектолог, логопед  мамандарына, әдіскерлері мен психологтарына әдістемелік көмек көрсету    және салааралық байланысты жетілдіру мақсатында семинар-практикумдар, дөңгелек үстелдер, психологиялық тренингтер мен семинарлар тұрақты түрде өткізіледі.
Атап айтар болсақ, «Ерекше балаларды түзете-дамытудың әдіс-тәсілдері» аудандық семинар, «Аутистік спектрдегі  бұзылысы бар балаларды  білім беру кеңістігіне қосу» мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына әдістемелік көмек көрсету аясында дөңгелек үстел болып өтті. Сонымен қатар кабинеттің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес түзете-дамыту сабақтарын алушы балалармен бірге  тақырыпқа байланысты және мерекелік  іс-шаралар, ашық сабақтар,тәрбие сағаттары, спорттық және интеллектуальды сайыстар ,ата-аналарға ашық есік күндері мен семинар-практикумдар  соның ішінде атап айтар болсақ, «Тәуелсіздік-тәңірдің тәтті сыйы», «Төрлет, төрлет, Жаңа жыл», «Алғыс айту парызым», « Сарқылмайтын-жылылық,Ана аты-ұлылық»,  «Наурыз думан», 1-маусым балалар күніне орай «Бар мейірім балаларға» отбасылық эстафеталық сайыс, «Ұстаз аты- биік әрі мәңгілік», «Көңілді старт», 2 сәуір – Бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күніне орай «Әлем балалар көзімен», « Берекелі, мерекелі Күз», «Біз-ептіміз, күштіміз», «Татулық-достықтың киелі бесігі», «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!», «Бақытты балалар – бейбіт елдің тірегі», «Әрқашан күн сөнбесін», «Барлық жақсылық балаларға», «Балаларға базарлық», «Саналы ұрпақ – саналы болашақ» тақырыптары  бойынша және «Көңілді жаз» жазғы сауықтыру жоспарына сәйкес  спорттық іс- шаралар өтілді.

«Әрбір ана өз баласымен бақытты», «Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды түзете-дамыта оқыту», «Бала өмірдің гүлі, көздің нұры», «Өмірдің мәні бала, ұстазы ата-ана», « Аутизмі бар балалар отбасында қалай тәрбиеленіп жатыр?», «Аутизмі бар баланың ата-анасымен жұмыс істеу шарттары» атты тақырыптарда  ата-аналарға арналған ашық есік күндері, тренингтер және семинар-практикумдар,  отбасылық сайыстар мен кеңестер уақытылы жоспарға сәйкес ұйымдастырылады.  
Кабинет мамандарымен  және түзете-дамыту сабақтарын алушы  балалардың қатысуымен аудандық оқушылар үйінің «Руханият» үйірмесі жетекшісінің ұйымдастыруымен «Мейірімділік әлемінде» атты ашық сабақ өткізілді. Сондай-ақ,  «Менің Отаным-Қазақстан», «Менің елім-Қазақстан», «Бірлігі жарасқан-ел», «Бақытты балалық шақ» тәрбие сағаттары, кабинет мамандарының педагог-дефектолог Р.Абдраманның «Сандар әлеміне саяхат», педагог-психолог Р.Ө.Бұйрабаеваның «Жыл мезгілдері», педагог-логопед М.А.Жусупованың «Р дыбысын қою», әлеуметік педагог Г.Досмырзақызының«Дастарханды қалай әзірлеу керек екенін үйрену»,педагог-дефектолог Г.К.Нұрпейсованың «Дидактикалық ойын арқылы баланың ұсақ-қол моторикасын дамыту», педагог-тәрбиеші  Б.Қ.Шорманованың «Аялайық  гүлдерді», ЕДН Н.Әлібекқызының «Тренжарлық жаттығулар»,   тақырыптарда түзете-дамыту сабақтарын алушы балалармен  жеке және топтық  ашық сабақтар өткізілді. 
Қармақшы ППТК мамандарынан түзете-дамыту сабақтарын алушы балалардың бос уақыттарын тиімді  пайдалану мақсатында 

«Шебер қолдар» және «Ертегілер әлемінде» атты үйірмелері жұмыс жасайды.Сонымен қатар  Қармақшы аудандық оқушылар үйімен екі жақты өзара ықпалдастық пен ынтымақстастық туралы МЕМОРАНДУМҒА қол қойылып,  «Руханият» үйірмесінің жетекшісі К.Кулбаракова аптасына екі рет  сурет салудың техникаларын   үйрету мақсатында түзете-дамыту сабақтарын алушы балаларды қамтып отырады.

Түзете-дамыту сабақтарын алушы балалар «Балбұлақ Республикалық және жасөспірімдер сайтының» шығармашылық байқауына 15 бала, «Интеллектуалды бәйге» білім порталының  « Қылқалам шебері» байқауына 20 бала, « Мұнара» интеллектуалды білім порталының шығармашылық байқауына 10 бала, «Отаным-саған айтамын» Республикалық шығармашылық-қолөнер байқауына 10 бала,    «Дарын» даму орталығының Республикалық шығармашылық байқауына-10 бала,  «BI Жұлдызай» балалар шығармашылық байқауына 2 бала қатыстырылып, Алғыс хаттармен, І-ІІ-ІІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталды.Қорыта келгенде, Қармақшы ППТК-нің  атқарылған барлық жұмыстары  уақытылы әлеуметтік желілерге ( фейсбук, инстаграм және т.б) жарияланып отырылады.Ерекше білім беруді қажет ететін  балалармен нәтижелі  жұмыстар  жүргізілуде және  алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Тағы да оқыңыз: