Kyzylorda-news.kz. Бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX съезі өтті. Партиямыздың ең жоғарғы органы болып табылатын съез жұмысы жоғары деңгейде өтті деп айтуымызға болады. Саяси шараға біздің өңірімізден 20 делегат бейнеконференция жүйесі арқылы қатысып, маңызды шешімдерді бірге қабылдады.

Өздеріңіз білесіздер, «Nur Otan» ел тарихындағы алғаш рет праймериз өткізіп, «Мықты лидерлер – Мықты партия» формуласын жүзеге асырды. Бұл қоғам белсенділерімен қатар елдегі қарапайым азаматтардың саясатқа араласуына жол ашты. Бүгінгі маңызды басқосуда праймеризде барлық өңірлерден жеңімпаз болып танылған 77 азамат Мәжіліске арналған партиялық тізімге енді. Партиялық тізімнің 61,1 % жаңа тұлғалармен толыққанына көз жеткіздік.
Жиында сондай-ақ, ел дамуының негізгі міндеттері айқын көрініс тапқан «Өзгеріс жолы: баршаға лайықты өмір» атты партиямыздың Сайлауалды бағдарламасын қабылдадық.

Бұл бағдарлама Президент Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының қисынды жалғасы десек болады. Себебі бағдарламаның бастапқы жобасына Мемлекет басшысының 2020 жылғы Жолдауының 55 тапсырмасы қосымша енгізілген.
Сайлауалды бағдарлама әлемдегі ең табысты партиялардың тәжірибесі ескеріліп, қоғамдық пікірмен санаса отырып дайындалған. Ерекше атап өтетін жәйт елімізде алғаш рет партия әрбір өңірдің сайлауалды бағдарламаларын әзірледі, ол 216 нақты жобадан тұрады. Аталған бағдарламалар жобасы праймериз барысында халықпен бірге кеңінен талқыланып, республика бойынша 17,5 мың ұсыныс пен талап-тілек түскен. Олардың барлығы өңірлік және негізгі Сайлауалды бағдарламаларда қамтылып отыр.

Жиында партияның өткен бесжылдықтағы қарқынды жұмыстары баяндалып, алдағы уақытта атқарылар негізгі міндеттер пысықталды. Ендігі біздің, барша нұротандықтардың міндеті осы жұмыстарды нәтижелі орындау.

Ләйлә ТӨРЕШОВА, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Тағы да оқыңыз: