Kyzylorda-news.kz. Қармақшы аудандық кезеңі «Kyzylorda Business Hub» үйлестірушілері мен «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ біріге ұйымдастырды.
StartUp Weekend Karmakshy іріктеу кезеңі 2 бөлімнен тұрды. Қатысушылар 3 тамыз күні онлайн-тренингке қатысса, 6 тамыз күні оффлайн-қорғау бөлімінде бақ сынады. Стартап жобалар байқауына аудан бойынша 16-29 жас аралығындағы 30-ға жуық жас кәсіпкер қатысты. Олардың 7-і оффлайн-қорғау бөлімінен өтуге өтінім білдірді.⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
Қазылар алқасы арнайы талаптарға сай Мерейлім Ібіраш, Динара Қалабаева, Сәбихан Жүнісов, Жазира Көбекова, Меруерт Төреахметова және Аружан Мұратбекова жартылай финал кезеңіне өтті.⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
Байқау қорытындысы бойынша аудандық кезеңде I орынды Сәбихан Жүнісов, II орынды Меруерт Төреахметова, III орынды Мерейлім Ібіраш иеленді. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болды.