ФОТО

Kyzylorda-news.kz. ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес қыркүйек айынан бастап азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны басталды. Шақыру науқаны жыл соңына дейін жалғасады.

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке дайындау және оларды әскерге шақыру – үздіксіз жүргізіледі.

Биыл күзде барлығы 800-ден астам азамат әскерге жіберіледі. Қарулы күштер қатарына 400, Ұлттық ұланға – 300-ге жуық, ҰҚК Шекара қызметіне 200 азамат аттанады жеп жоспарлануда, бұл туралы Қызылорда облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алңында Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығының орынбасары Жасұлан Шаңқұлов мәлімдеді.

Әскерге шақырудан жоғары немесе арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитындар, діни қызметкерлер, педагогика мен медицина саласының қызметкерлері уақытша босатылады. Жақын туыс-тары әскери қызметті өткеру кезінде қайтыс болған немесе бірінші, екінші топтағы мүгедек болып қалғандар әскери міндетті өтемеуге құқылы. Отбасын құрып, балалы болғандар да Отан алдындағы борышын өтеуден босатылады. Аталған санаттағы азаматтар ғана әскерден босатылып, айыппұл төлемейді. Ал бұған жатпайтын, денсаулығында кінәрат жоқ, 18 жасқа толған әрбір азамат Отан алдындағы парызын орындауға міндетті, - деді Жасұлан Шаңқұлов.

Тағы да оқыңыз: