**[Kyzylorda-news.kz](https://kyzylorda-news.kz/)**[.](https://kyzylorda-news.kz/) **Бейсенбі 23 қаңтарда елімізде жел күшейіп, қар жауады, боран соғады, тұман және көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.** >  _«23 қаңтарда Қазақстан аумағының көп бөлігіне Мурманск үстінде орналасқан циклон жырасы әсер етеді. Осыған байланысты қар жауады, батыста, солтүстік батыста, солтүстік шығыста және оңтүстікте жауын-шашын түседі. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді», делінген ауа райы болжамында._             Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жел 15-20, кей жерлерде жылдамдығы 23-28 м/с жетеді, екпіні 30 м/с-ден асып боранмен бірге соғады, кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал, Қостанай облысында тұман күтіледі. Павлодар облысында жел 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с жетеді, кейде одан асып кетеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысында жел түнде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда облысында жел 15-20, түнде және таңертең кей жерлерде 25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман көктайғақ күтіледі.  Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.  Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында тұман түседі, Ақтөбе облысында боран соғады. Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.