Kyzylorda-news.kz Елімізде жол төсемі бөлігінің бұзылуын болдырмау мақсатында жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар KAZ-06 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автожолының 1240-2055,5 шақырым аралығына әрбір білікке түсетін жүктемесі 9 тоннадан артық, KAZ-14 «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 12-24 шақырымы аралығына әрбір білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына 2025 жылдың 1 маусымы мен 31 тамызы аралығында ауа температурасы +25° С градустан асқан жағдайда сағат 10.00-ден сағат 22.00-ге дейін уақытша шектеу еңгізіледі.
Халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын, төтенше жағдайлар мен олардың салдарын алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын, тез бұзылатын азық-түліктерді тасымалдауды жүзеге асыратын, жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын, өте қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын, мердігер ұйымдарға реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін берілген учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын, қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ әскери тасымалдауларды жүзеге асыратын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуді жүзеге асыратын авто көлік құралдарына шектеулер қолданылмайды.
Фото: ҚазАвтоЖол