Kyzylorda-news.kz. Бүгін өңірдің басым бөлігінде қар жауып, "Самара-Шымкент" тасжолында көктайғақтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Атап айтқанда, республикалық маңызы бар күре жолдың 1702-2056 шақырым аралығында (Жалағаш, Сырдария,  Шиелі,  Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласы аумағында) тайғаққа қарсы материал себілді. Оған "ҚазАвтоЖол" компаниясына қарасты "КАЖсервис" ЖШС-нің Қызылорда облыстық филиалынан14 арнайы техника мен 6 тиегіш көлік жұмылдырылып, жол бойында 50 жуық адам тынымсыз еңбек етуде. 

«Қазіргі таңда жолға 150 тоннаға жуық құм-тұз араласқан материал себілді. Жағдай бір қалыпты.  Жолда шектеулер орын алған жоқ.  Көлік қатынасы екі бағытта да кедергісіз жүріп жатыр»- дейді "КАЖсервис" ЖШС-нің Қызылорда облыстық филиалының директоры Нұрбол Абызбаев.

6f223aaf-a2f0-4f88-be8c-42e308bb8485.jpgcb6b381c-69db-40e4-b234-179c6199d010.jpgc7259947-6b53-4d4d-ae91-4a6f80e6c90d.jpg

 

Тағы да оқыңыз: