Kyzylorda-news.kz.  Ақ күріштің фабрикасы атанған Шаған ауылы күре жолдай бойында орналасқан ең ірі елді мекеннің бірі. Аудан орталығына жақын ауыл мен Тереңөзек кентін Сырдария өзені бөліп жатыр. Іргелі ауылдың ел-жұрты ауыл шаруашылығымен айналысып, егін салып, мал бағып, облыс, аудан халқын ет-сүт өнімдерімен, Сыр салысымен қамтамасыз етіп отыр.

Ауылдық округтің әкімі Нұғман Смайлов бірлігі бекем, тірлігі көркем берекелі Шаған ауылының тыныс-тіршілігі мен өткен жылы атқарылған жұмыстары туралы сұхбаттын оқырмандар назарына ұсынамыз.

– Нұғман Жаңғабылұлы, Шаған ауылының тыныс-тіршілігі мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып өтсеңіз?

– Шаған ауылдық округіндегі 824 отбасында 4545 халық бар. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 1939 адамды құрайды. Ауылдық округте 12 тыл ардагері, 404 зейнеткер, 140 мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 94  «Алтын алқа», 104 «Күміс алқа» иегерлері  бар. Жастар саны – 1260. Әскер қатарындағы жастар саны– 11.  
Ауылдық округте ауыл әкімінің аппараты, мектеп-лицейі, әуез мектебі, спорт мектебі, 3 балабақша, ауылдық аурухана, мәдениет үйі, кітапхана, Қазпошта бөлімшесі, телефон байланысы, ветеринариялық пункті  мекемелері халыққа қызмет көрсетіп келеді.
2022  жылға бюджеттен 136099.7 мың теңге қаржы бөлініп 12 айдың қортындысы бойынша қаржы 100 пайызға орындалды. Оның ішінде қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер бойынша 51995,5 мың теңге. Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету бойынша 17157,2 мың теңге, жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау бойынша 35241,0 мың теңге, елді мекендердегі көшелерді  жарықтандыру бойынша 13599,1 мың теңге. Елді мекендегі жарықтандыру жүйелерінің жыл көлемінде күтіп ұстау жұмыстарын «RGB» ЖШС мекемесімен баға сұрату тәсілімен  746,6 мың теңгеге  жұмысын атқарды. Шаған ауылдық округіндегі көшелерді жарықтандыру жүйесінің сымдарын ауыстыру жұмыстары жұмыс жобасын қайта есептеу жұмыстарын «Мекен және К» ЖШС мекемесімен 8316,0 мың теңгеге жұмысын атқарды. 
Елді мекендегі санитарлық тазалық  бойынша «RGB» ЖШС 995,6 мың теңге баға сұрату тәсілімен  келісім шарт жасалып, жұмысын толық аяқтады. Елді мекенді абаттандыру мен көгалдандыру бойынша 4463,9 мың теңге игерілді. Елді мекендегі талдарды әктеу, сырлау, билборд шығару жұмыстарын «RGB»ЖШС мекемесі баға сұрату тәсілімен 1463,4 мың теңгеге ұтып алып жұмыс толық атқарылды. Елді мекенге билборд шығару жұмыстарын ЖК «ARTMAX» мекемесі баға сұрату тәсілімен 548,8 мың теңгеге ұтып алып, жұмысын толық атқарды. Елді мекендегі ойын алаңдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарын сырлау жұмыстары «Bastau Group LTD» ЖШС мекемесі баға сұрату тәсілімен 682,4 мың теңгеге ұтып алып жұмысын толық атқарды. Шаған елді мекенінің ішкі көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары ЖЖ қайта есептеу «Мекен және К» ЖШС мекемесімен 7204,9 мың теңгеге жұмысын атқарды. Пайдаланылмаған /толық пайдаланылмаған/ нысаналы трансферттерді қайтару бойынша 5442,5 мың теңге 2021 жылдың қортындысымен үнемделген қаржы бос қалдық есебінен бюджетке қайтарылды.
Есепті кезеңде ауыл әкімінің 70-шешімі, 143-өкімі қабылданды. Жеке тұлғадан 19 өтініш түсіп,  барлық өтініш иелеріне  ҚР Заңнамасына сәйкес өз уақытында жауап берілді. Заңды тұлғалардан келіп түскен өтініш жоқ. Есепті кезеңде ауылымыздағы иесіз деп танылған қашыртқы каналы құжаттандырылып, ауыл әкімшілігінің балансына енгізілді. Есепті кезеңге кіріс хаттар – 1977, шығыс хаттар – 783 құжат. Бүгінгі күнге – 22 көшенің 8 көшесіне және ауылымызға кіре беріс беткейінен Самара-Шымкент ескі дәлізіне 268 дана түнгі жарықтандыру бағаналары орнатылды. Батыс Европа-Батыс Қытай трассасына жол көлік оқиғаларын болдырмау, келеңсіз жағдай болдырмау мақсатында сиыр белгісіндегі макет орналастырылды және Батыс Европа –Батыс Қытай автожолының төрт жол торабына жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Ауылымыздың кіре беріс беткейінде орналастырылған аркаға жарықтандыру жұмыстары, сырлау жұмыстары жүргізілді. "Маханбетжан" ШҚ демеушілігімен Ә.Омаров көшесіндегі 13 бағанаға 10 жарық шамдары орнатылды.

– Салықтық түсімдер, кәсіпкерлік саласы мен әлеуметтік көмек көрсетудің барысына тоқталсаңыз?

– Есепті кезеңге жылдық жоспар 6 млн 482,0 мың теңге болып бекітілген. Нақты түсімдер бойынша 2022 жыл қорытындысымен ауылдық округтің жеке және заңды  тұлғалардан алынатын міндетті төлемдеріне сәйкес мүлік және жер  салығы  – 369 979,77 теңге, бірыңғай жер салығы – 20 053,08 теңге, жеке тұлғалардың көлік құралдарының салығы – 6 млн 780 мың теңге,  заңды тұлғалардың көлік салықтары бойынша – 233 735,63 теңге көлемінде  бюджетке түсім  түсірілді. 2022 жылдың сәуір айында  табыс салығы бойынша жоспардан тыс – 24 636 169, 11   мың теңге түсім орындалды.
Өткен жылы ауылдағы  97 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке құжат өткізген, 77 отбасы – 418 адамға атаулы әлеуметтік көмек  тағайындалды. Ауылдық округ бойынша  тұрақты жұмысқа орналасқандар саны – 154. Маусымдық жұмысқа қабылданғандар – 8, қоғамдық ақылы жұмысқа қабылданғандар саны – 60, жастар тәжірбиесіне жіберілгендер саны – 22.  Алғашқы жұмыс орны жобасы бойынша 2 азамат, "Күміс жас" жобасымен 1 азамат жұмысқа жіберілді.
Елді мекен бойынша 217 кәсіпкерлік субъектісі бар, оның ішінде жеке кәсіпкерлер – 179, шаруа қожалығы – 27, заңды тұлға - 11. Жалпы белсенді халық санындағы кәсіпкерлердің үлесі 10,9 пайызды құрайды. Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі - 174,3  кәсіпкерлік субъектісі жұмыстарын уақытша тоқтатқан. 2022 жылға жаңадан тіркелген кәсіпкерлер саны – 38. Ауылдық округ бойынша 12 кәсіпкердің жылдық айналымы 2,0 млн теңгеден асады. Кәсіпкерлермен мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі бойынша түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Нәтижесінде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық жобасы аясында  жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант бойынша 38 азамат грант иегері атанды.
«Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында «Өңірлік инвестиция» орталығынан Мархабаев Қанат – 3,0  млн.теңге көлемінде жылқы басын көбейту бағыты бойынша несиелендірілді. «Кең дала» бағдарламасымен «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы Оспанов Шералы – 4,8 млн теңге көлемінде егін саласы бойынша несие алды.
«Шаған Жер» ЖШС  «ТехноЛизинг» ЖШС арқылы 731 млн теңге көлемінде несиеге техникаларын сатып алды. Ауылдық округ бойынша «Іскер» бағдарламасы бойынша  «Аграрлық несие корпарациясы» арқылы «Іскер» бағдарламасымен  берілетін 6 пайыздық жобасымен 1 азаматша Нұрманова Асылзат, жеке кәсіпкер «Сұңғат» жылқы басын көбейтуге  4,0 млн  теңге көлемінде несиелендірілді.  Примов Сабыр 4 млн 200 мың теңге көлемінде жылқы басын көбейту бағыты бойынша несиелендірілді және  Қалабаев Мұрат 3 млн 800 мың теңге көлемінде  «Жылқы басын көбейту» бағыты бойынша несие алды.
«РИЦ» арқылы «Іскер» бағдарламасына 1 азамат  – Жаңаш Жәнібек  6 млн теңге көлемінде, "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы бойынша Садықов Нұрлан – 3млн 800 мың теңге көлемінде «Жылқы өсіру бағыты» бойынша өтініш білдірді. Жеке қаражат есебінен жеке кәсіпкер «Бектібаева» наубайхана ашып, 4 жұмыссызды жұмыспен қамтып отыр, күніне 600 дана нан өндіреді.

– Ауыл халқының негізгі кәсібі мал шаруашылығы екені белгілі, осы бағытта атқарылған жұмыстарға және елді мекеннің санитариялық тазалық жұмыстары туралы айтсаңыз?

– Ауылымыздың экономикалық мамандануының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады. Шаған ауылдық округінде 27 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Есепті кезеңде егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың өнім көрсетікштері жоғарылауда. Мал басын өсіру, оның өнімін өндіру бағытында жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша 2022 жылдың 31 желтоқсанына  ауылдық округ бойынша – 2860 бас мүйізді ірі қара,  уақ мал – 1754, 1104 бас жылқы, 59 бас түйе, 6 бас шошқа және 917  құс тіркелді. Тұрғындарды аяқ сумен қамту мақсатында Насос СНП 500/10 сатылып алынды, бұл 50 тұрғын үйді аяқ сумен қамтамасыз ететін болады. 
Ауыл округіндегі ауыз су құбыры «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Арал» республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалы теңгерімінде. Ауылымыз ауыз сумен 100 пайыз қамтылған.

Елді мекеннің санитариялық тазалық жұмыстары және көркейту көгалдандыру бойынша ауылдың ішкі аяқсу лотоктары мен көшелері толығымен тазаланып, ауылішілік көшелердегі талдарды кесіп, өңдеп әктеу жұмыстары жасалды. Елді мекенде көше тазалығы күнделікті жүргізіліп отырады. Елді мекендегі көшелерге орнатылған аншлагтарға, орталық көшелерде орналасқан электр бағаналарына сырлау жұмыстары жасалды. Айту керек, ауылымызда тұрақты түрде қайырымдылық акциялары және мерекелік іс-шаралар дәстүрлі түрде аталып өтіледі. «Шаған Жер» ЖШС, ауыл көлеміндегі мекемелер, жеке кәсіпкерлер және ауыл жастары демеушілігімен қазіргі уақытқа дейін 303 отбасына 5 млн 095 мың теңге көлемінде азық-түлік, киім-кешек, оқу құралдары мен жабдықтары және жеке тұрғын-үй алуға қаржылай  көмек негізінде көрсетілді. Есепті кезеңде «Шаған Жер» ЖШС-нің демеушілігімен құны 10 млн теңгені құрайтын  жаңа ойын алаңы салынып, балғындарға тарту етілді.

– Жыл қорытындыланып, алдағы жылдың жоспары әзірленген болар, Шағандықтардың жайлы өмірі сүруі үшін алдағы жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталсаңыз?

– Алдағы жылы атқарылатын жопардың басым бөлігі ауыл көшелерін жөндеуге бағытталады. Сонымен қатар жаңадан жұмыс орындарын ашу басты мақсаттың бірі. Тарқатып айтар болсақ, ауылішілік 12 көшеге Е.Адаев, Аябек, Ә.Тұйғынов, Ә.Омаров, Ә.Қосқанов, Қ.Мыханова, Т.Мұхамеджанов тұйығы, Ж.Бекпанов тұйығы, Т.Әлжанов, Р.Оразғалиев, Ғ.Мұратбаев, А.Иманов тұйығы көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттары дайындалуда. Ауылдық округ бойынша  электр желілерін және трансформаторларын ауыстыруға жобалық сметалық құжаттар әзірленді. Аталған жұмыстар жүргізілген уақытта жарықтандыруды жұмыстары қосымша атқарылатын болады.
Ауылда жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында  "Шаған Жер" ЖШС –гі  15 түрлі макарон өнімдерін өндірумен айналысатын цех ашатын болады.
Кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, жұмыссыздық деңгейін төмендету және кәсіппен айналысатын ауыл тұрғындарының салық базасына тіркелуіне, салық түсімінің ұлғаюын қамтамасыз ететін боламыз.
Елді мекенге кіре беріс жолының оң жақ беткейінің   1100 м жеріне тал егу жұмыстарының сметалық құжаттары жасалған, алдағы уақытта жұмыстар атқарылатын болады.
Ауыл көшелерінің аяқ су жүргізілетін арықтарының – лотоктарын жаңарту жұмыстарын ұйымдастыру назардан тыс қалмайды. Бірінші кезекті Есет би көшесі, Бекпанов көшесі,Т.Мұхамеджанов тұйығы,  А.Иманов тұйығы көшелеріне жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. А.Атақаев көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық жоба құжаттары жасалды.
Ауылдық округтегі орталық алаңға қайта жаңғырту  жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. 
Елді мекенді газдандыру жұмыстарын жүргізуге аудандағы жауапты бөлімі арқылы жобалық сметалық құжаттары дайындалды.

– Әңгімеңізге рақмет!
 

Тағы да оқыңыз: