Күнсұлу Түрікпен: Мемлекеттік сыйлық жастарға шабыт сыйлайды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Күнсұлу Түрікпен: Мемлекеттік сыйлық жастарға шабыт сыйлайды

10.12.2020, 12:00

926 0

Kyzylorda-news.kz. Жақында «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері атанған жыршы Күнсұлу Түрікпен бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңына келіп, журналистермен тілдесті.

Дәстүрлі өнердің дара қызы жастайынан жыршы-жыраулардың ізін жалғап, халықаралық, республикалық додаларда топ жарып келеді. Мәселен, халықаралық деңгейде ұлттық өнерді насихаттайтын «Men qazaqpyn» мегажобасының жеңімпазы атанды. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында жыршы. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының «Халық шығармашылығы» номинациясы Сырдың қызына бұйырды.

«Сырдың жері «алтын құрсақты» топырақ. Қаншама талатты тумалар дүниеге келген қасиетті өлке. Оны өнер иелері әрқашан биік белестерді бағындыруымен дәлелдеп келеді. Ақындық пен жыраулық тарихта еншісі айырылмаған өнер. Мемлекеттік сыйлық өз саласының шебері атанған әр саладағы жастарға шабыт сыйлайды. Зор жауапкершілікті жүктейді. Жоғары марапаттардың бастау болған жастар сыйлығы маған ғана емес Сыр мәдениетіне берілген баға», – деді Күнсұлу Түрікпен.

Жыршының жыр қорында «Қобыланды батыр», «Көрұғлы», «Қыз Жібек», «Алпамыс батыр» халық жырларымен қатар «Шаһнаманың» «Зухраб батыр», А.Керейұлының «Өсиет» және Сыр сүлейлерінің жыр-дастандары мен терме-толғаулары бар.

0

Пікір қалдыру