Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттік органдар МӘМС енгізу жөніндегі ВАК отырысы барысында күндізгі оқу студенттерінің мәртебесінің болмауы және оқудың өткен кезеңі үшін берешектердің туындауы мәселелерін талқылады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жеңілдік санатына жататынын растайтын құжаттармен, оның ішінде мемлекеттік органдармен салыстыру арқылы жүгінген кезде 1 айға уақытша жеңілдік мәртебесін беру бойынша жұмыс жүргізуде.

2020 жылы 11 445 адамға уақытша жеңілдік мәртебесі берілді, 2021 жылдың басынан бастап – 14 067 адам өтініш берушілер арасында орта, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар жиі жүгінеді.

Осылайша, 2020 жылдың қараша-желтоқсан айларында Қорға 30 өтініш түсті, ағымдағы жылдың басынан бастап – оқу кезеңінде МӘМС жарналары бойынша берешекті қалыптастыру туралы оқуды аяқтаған тұлғалардан 94 өтініш түсті. ҚР БҒМ-де расталғаннан кейін берешек жойылды.

Ағымдағы жылы “Ұлттық білім беру деректер қоры” ақпараттық жүйесінде олар туралы мәліметтердің болмауына байланысты күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын 860 студентке Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы бойынша 1 ай мерзімге бір рет уақытша жеңілдікті мәртебе берілді

Шетелдік оқу орындарында оқитын студенттерге МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін беру мақсатында Қор ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Елшіліктерінің ресми сайттарында электрондық үкімет порталы арқылы студент ретінде тіркелу қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру сипатындағы хабарламаны орналастыру мәселесін пысықтады.

Сонымен қатар, қорға “Шетелде оқитын студенттерді тіркеу” сервисі бойынша “Электрондық үкімет” порталына жіберілген шетелде оқитын студенттердің өтінімдерін БҒМ уақтылы өңдемегені туралы шағыммен және растайтын құжаттармен өтініштер келіп түседі. Осыған байланысты, Қор жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына ақпараттық жүйеде деректерді уақтылы өзектендіру туралы хаттар жіберді.

Сонымен қатар, оқу жылының аяқталуына байланысты МӘМС жарналарын мемлекет жүзеге асыратын он сегіз жасқа толған тұлғалардың жеңілдікті санаттан түсу тәуекелі байқалады. Мысалы, 18 жасқа толған, бірақ оқуын жалғастыратын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылар санатынан шығады.

Білім алушыларды МӘМС жүйесімен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігіне студенттер, оның ішінде шетелде оқитындарға және 18 жасқа толған орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқушылары бойынша online режимге деректерді уақтылы енгізуді, өзектендіруді және беруді қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ, мүдделі құрылымдармен бірлесіп:

– ведомстволық оқу орындарының студенттері бойынша мәліметтердің тұрақты берілуін қамтамасыз ету;

– білім алу үшін Қазақстанға келген көшіп келушілер үшін ерікті медициналық сақтандыру шартын уақтылы ресімдеу бойынша білім беру ұйымдарымен жұмысты ұйымдастыру;

– Ұлттық білім беру деректер базасында шетелдік студенттер туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеру;

– ҚР-да оқитын шетелдік студенттердің медициналық сақтандыруды есепке алу жөніндегі деректер базасын құруды аяқтау және олардың БМСК ұйымдарына тіркелу және МӘМС жүйесіне қатысу жағдайларын болдырмау мақсатында оны уақтылы толықтыруды қамтамасыз ету;

– студенттер, оның ішінде шетелде білім алушылар бойынша деректерді уақтылы енгізу, өзектендіру және оларды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесіне беру үшін оқу орындары бөлінісінде жауапкершілікті белгілеу жөніндегі регламентті әзірлеу және бекіту.

Тағы да оқыңыз: