Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 1-3 шілдедеге арналған ауа райы болжамын жариялады

Иран аудандарынан ыстық және құрғақ ауа массасының жылжуы, елдің көп бөлігінде өте ыстық ауа райының сақталуына әсер етеді. Тек республиканың батысында, содан кейін солтүстік-батысында циклон шұңқырының келуімен, найзағай жарқылдап, қысқа мерзімді жаңбыр, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде термометрлер солтүстік, оңтүстік және орталықта 12-25℃ жылы, күндізгі 30-44℃ ыстық, шығыста түнде 12-20℃, күндіз 27-35 градус ал батыста түнде 15-26℃, күндіз 28-36 градус ыстық болады.

Еске салсақ, Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда аптап ыстық болатындығын ескерткен еді. Мамандар күннен қалай қорғану керектігін айтты.

Тағы да оқыңыз: