Kyzylorda-news.kz Жемқорлыққа толып жатқан аймақтың креативін көтеруге емес, жемқорлығын жоятын кеңесші керек!

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Осы орайда белгілі заңгер Айгүл Орынбек әкімнің бұл шешіміне шүйліге кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жемқорлыққа толып жатқан аймақтың креативін көтеруге емес, жемқорлығын жоятын кеңесші керек! Пиардан, өтірік есептен, шаршамадыңыздар ма? Бұл мемлекет өзімізге керек қой! Жемқорлық жүйелеп кеткен аймақта кретивіне емес, жергілікті басқару жүйесіне көңіл аударып, сыбайласқан жемқорлықты жою керек!, деді ол.

Заңгердің сөзінше, Нұрлан Қоянбаевты ауыл аймаққа жіберу керек. Өйткені шалғай жерлерде қордаланған мәселе көп.

Дархан Сатыбалды мырза! Түркістан облысының жемқорлығы мен былығын сайқымазақ актер арқылы креативно көтергіңіз келді ме?! Онда сізге кеңесім болсын, Түркістан тек қаладан тұрмайды, аудандар бар! Қоянбаевты ауылға жіберіңіз! Қоянбаевты ауыл-аймақтағы балабақшаларға жіберіңіз, айлық алмай отырған. Бейсен Тәжібаев бастаған Түркістан облысының басшылары, тәрбиешілердің айлығын айлап неге төлемей отырғанын креативно түсүндірсін, деп жазды Айгүл Орынбек.

Ал желі қолданушыларының бірі заңгерді қолдаса, енді бірі Нұрлан Қоянбаевтың мықты іскер екенін жарыса жазды.

"Күйрейтін елді әртістер басқарады", "Осы жаңалықты оқып таңданған едім", "Қоянбаев мықты іскер жігіт, уақыт көрсетеді", "Хайп пен пиардан алдамыз". 

Коллаж: sn.kz

Тағы да оқыңыз: