Kyzylorda-news.kz. 7 ақпан күні Түркістандағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі кішкентай бала өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жіберілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Балаларды өлтірді деген күдікті – өз анасы. Ол Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы А.С.Пушкин атындағы N46 мектеп-лицейінің мектепке дейінгі мекемесінде тәрбиеші болып жұмыс істеген.
Мұны Шиелі аудандық білім бөлімі растады.
"Оқиға толық зерттелмеген және нақты ақпарат берілген жоқ. Қажет емес ақпарат пен болжамдарды таратпауға шақырамыз. Бұл адамды көргендер, танығандар болса, тиісті құзырлы органдарға хабарлауларыңызды сұраймыз", - деді білім басқармасы оқиғаға қатысты.
Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің мәліметінше, күдікті құрбысына балаларының өлгенін және олардың мекенжайын айтқан.
"Істің тергеуі менің жеке бақылауымда", - деді облыстық полиция басшысы.
Фото: Нұрболат Нұржаубай
