Kyzylorda-news.kz. «Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінде» Жаратылыстану пәндер әдістемелік бірлестігінің «Жаратылыстану пәндерінің оқыту әдістемесін креативті идеялар мен инновациялық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері Нұрқанат Ақылбайұлы қатысты.
Семинардың мақсаты жаратылыстану пәндерін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдер қолданып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
Семинар барысында биология, химия, география пәндерінен ашық сабақ, пәнді оқыту ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдер жайлы тренингтер өтті. Ұстаздарды сергітіп, оқушыларды сабаққа ынталандыру мақсатында өткізілген психологиялық тренинг қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.

Сонымен қатар, мұғалімдер ашық сабақ өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Онда «Жаратылыстану ғылымдары: функционалдық сауаттылықты тиімді дамыту жолдары» тақырыбында Назерке Базарханова, «Мұғалім мектеп жүрегі, көңілді жүрсін үнемі» география пәні мұғалімі Айнұр Ахметжанова, «Химия сабағында CLIL пәндік тілдік интеграцияланған оқытуды жүзеге асыру» химия пәні мұғалімі Бақытбек Шәкиев, «Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек» химия пәні мұғалімдері Күнзияш Аплатинова және Ағжан Айтмұханова, «Eye structure » биология пәні мұғалімі Венера Алимова, «Жаңа технологиялар - жаңа мүмкіндіктер» биология пәні мұғалімдері Ақмарал Аймаханова мен Анель Саттарбекқызы қатысушылар үшін ашық сабақ өткізді.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, кері байланыс жасады.


