Kyzylorda-news.kz. Ковид-19-ға қарсы вакцинаның иммуногендік көрсеткіші толықтай зерттелмегендіктен оны туберкулез бен қызылша немесе тұмауға қарсы екпелермен бір мезгілде алуға болмайды.

Бұл жөнінде бүгін сарапшы-иммунолог Эльмира Битанова Алматыда өткен онлайн брифингте мәлімдеді. Сондай-ақ кене энцефалитіне қарсы вакцинамен де бірге салуға рұқсат жоқ. Маманның сөзінше, алдағы уақыттары «Спутник V» немесе отандық вакциналардың иммундық нәтижесі белгілі болған соң дәрігерлер  өзге вакциналармен үйлестіруге рұқсат етуі де мүмкін. Қауіпті індетті таратпаудың ең маңызды жолы вакцина алу және салауатты өмір салтын ұстану.

“Адам өзінің салауатты өмір салтын ұстау керек. Циркатты ритмдер өте маңызды. Яғни ұйқы толық болуы керек. Тамақтану балансты болу керек. Көп емес, балансты болу керек. Минералдар, витаминдер болу керек тағамдарында.  Сонымен қатар адамның көңіл күйі өте маңызды. Сөйтіп иммундық жүйенің жұмысы өзіміз баяғыдан білетін ешқандай құпия жоқ мұнда. Мен осыны көп жерде айтам. Бірақ айта бастасам елдер жалыға бастайды. Себебі оларға не керек иммнологтан? Таблетка керек. 1 таблетка жеймін сондай иммунитетім жоғарылайды деген. Ол олай емес және  ондай жеңіл жолмен иммундық  жүйемізді  түзете алмаймыз”,- дейді С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова.

Алматыда өткен бір тәулікте 665 адам қауіпті індетті жұқтырса, олардың 77-сі симтомсыз науқастар. Қазіргі уақытта қаладағы жұқпалы ауруханаларда СOVID-19 диагнозы қойылған 4 мыңнан астам адам жатыр. Сондай-ақ бір тәулік ішінде 3 мың 50 адам  вакцина алған. Жалпы Алматыда вакцина алғандардың саны 134 мың адамнан асты.

Хабар 24

Тағы да оқыңыз: