Kyzylorda-news.kz. Таяу Шығыс елдері күллі әлемге таралып үлгерген короновирусқа байланысты түрлі қоғамдық әрі мәдени, т.б. шараларға шектеу шараларын енгізіп жатыр, деп хабарлайды Islam.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ресми COVID-19 атауын берген індеттің одан ары таралуының алдын алу үшін Иран билігі Теһран мен өзге де қалаларында жұма намазын өткізуге уақытша тыйым салды. Аталған аймақта індет ең көп таралған Иран аумағында бұл вирусты 254 адам жұқтырып, 26 адам көз жұмған (ақпан айының 27-і күнгі мәлімет бойынша).

Иранға көрші Түркия, Ирак, Ауғанстан шекарасын жауып тастады. Ирак билігі Иранмен арадағы шекараны жауып қоймай, Қытай, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд, Италия, Сигнапур, Бахрейн, Кувейт елдерінен келетін туристерге виза беруді тоқтатты.

Бұдан бөлек, наурыз айының 7-не дейін мектептер мен жоғарғы оқу орындарын да жауып тастады. Жалпы алғанда Таяу Шығыста 350-ден аса адамның осы уақытқа дейін вирус жұқтырғаны анықталып отыр.

Тағы да оқыңыз: