Коронавирустан жазылған екі адам Алматыда емделген – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Коронавирустан жазылған екі адам Алматыда емделген

26.03.2020, 11:40

115 0

Kyzylorda-news.kz. Коронавирустан емделіп, жазылған 2 адам Алматы тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.

«Коронавирустан Алматыда екі адам емделді. Олар ертең ауруханадан шығады», – деді баспасөз қызметінен.

Бұған дейін, бұл індеттен Қазақстанда 2 адам емделіп, жазылғанын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтқан болатын.

Осы уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам жалпы 88 науқас тіркелді.

0

Пікір қалдыру