Kyzylorda-news.kz. Бүгін, 2 сәуірде облыс аумағында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1 жағдайы тіркеліп, жалпы саны 26 адамға жеткен болатын. Аталған науқас туралы мән-жайды облыстық Тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева мәлімдеді.

«Науқас 1999 жылғы, Шиелі ауданының тұрғыны. Ол коронавирус жұқтырған Түркістан облысының тұрғынымен Петропавл-Қызылорда пойызында бір вагонда болған. Соған байланысты шұғыл карантиндік стационарға оқшауланып,  зертханалық зерттеулерге сынамалар алынған. ПТР анализі оң нәтиже көрсеткеннен кейін Шиелі ауданаралық ауруханың жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды», – деді ол.   

Аталған жағдай бүгінгі күнге дейінгі облыста тіркелген 25 науқаспен байланысы анықталмаған, сырттан тасымалданған жағдай болып табылады. Науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған 3 адам анықталып, карантиндік стационарға жатқызылды.

Тағы да оқыңыз: