Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысына Кореяның Алматыдағы бас консулдығы және Кореяның ардагерлер мен патриоттар істері жөніндегі министрлігінің делегациясы іс сапармен келді.

Ең бірінші делегация мүшелері Хон Бом До мемориалдық кешеніне барып, батырдың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Содан соң облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовпен кездесті. Кездесу барысында Хон Бом До мемориалдық кешенін қайта қалпына келтіру туралы сөз қозғады.

Кореядан келген мәртебелі меймандар Сыр жұртының қаһарман тұлғаға деген ерекше құрметі үшін ризашылығын білдіріп, бұл сапар ынтымақтастық бағытындағы екіжақты әріптестікті, достықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретінін айтып, алғысын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: