Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы облыстық филиалының алаңында «Ауыл аманаты» жобасы аясында кооперативтік жобалардың стратегиялық басымдықтары талқыланды.
Отырысқа партия филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, «Ауыл аманаты» жобасы аясында кооперативтік жобаларды жүзеге асыру мен ҚР Үкіметінің жанындағы өңірлік саясат бойынша жобалық кеңсесінің Қызылорда облысындағы өңірлік менеджері Индира Ақжігітова және тиісті басқармалардың жауапты өкілдері қатысты.
Кездесуде ауыл шаруашылығын дамыту, өндірістік кооперацияны күшейту және кооперативтерді өнімдерін өткізу нарығының тізімін қалыптастыру, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған негізгі жобалар қаралды.
«Ауыл аманаты» жобасы негізінен халықтың табысын арттыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігін және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешуге бағытталған.
Отырыс барысында бірқатар ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар пысықталды.