Kyzylorda-news.kz Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органның кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілуі, жазасын өтеп жатқан, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар мен пробация қызметінің есебіндегі адамдарды салауатты өмірге ынталандыру үшін спорттық іс-шараларға тарту мәселелері қаралды. Сондай-ақ, оңалту шаралары қарастырылған әлеуметтік жобаның жүзеге асырылуы, қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу мен қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша қала әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органның 2025 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.