Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласында конституциялық реформа мәселелеріне арналған түсіндірме жұмыстары өтті.
Іс-шараға Гуманитарлық-педагогикалық институтының Археология және этнология білім беру бағдарламасы мен Тарих білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы АЭ-25-1, Т-25-1 оқу топтары қатысты. Кездесуге аталған бағыттардың студенттері белсенді түрде атсалысты.
Түсіндірме жұмысын аға оқытушы, АТТ мүшесі Сыдыкова Жайна Темірбекқызы жүргізді. Ол өз сөзінде конституциялық реформалардың мәні мен маңызына тоқталып, ел дамуы үшін жүргізіліп жатқан саяси жаңғыру үдерістерінің негізгі бағыттарын түсіндірді. Сонымен қатар, реформалардың қоғам өміріне, заңнамалық жүйеге және азаматтардың құқықтық мәдениетіне әсері кеңінен талқыланды.
Іс-шара Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақпараттық түсіндіру тобының ұйымдастыруымен өткізілді. Жиын барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
