Kyzylorda-news.kz Биыл Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының құрылғанына – 85 жыл, ал, киелі Қазалы өңіріндегі Қорқыт Ата атындағы өнер мектебіне – 60 жыл толып отыр. Осыған орай, Қазалы ауданында бірнеше күннен бері мерейтойға байланысты бірқатар салтанатты шаралар өтуде.

Бұл ретте Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының мүшелерінің және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз брифингі өтті.

Брифинг спикерлері Қазақстан Композиторлар Одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серікжан Құттымбетұлы, Қазақстан Композиторлар Одағының құрметті төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Балнұр Балғабекқызы, Қазалы ауданының Қорқыт Ата атындағы өнер мектебінің директоры, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі Сәукен Әлмамбетұлы қазақ кәсіби музыкасының тұрақтап дамуына, кешегі халық мұрасын бүгінге дейін жеткізіп, тарихы қазақ халқының өмірімен тығыз байланысып жатқан Қазақстан Композиторлар Одағының тарихы жайында сөз қозғады. Сонымен қатар, брифингте 60 жылдық тарихы бар Қорқыт Ата атындағы өнер мектебінің бүгінгі тынысы жайында айтылды.

Брифинг барысында одақ мүшелері де сөз алып, Қазақстан Композиторлар Одағының республикалық деңгейдегі мұндай ауқымды шаралары Қазалы ауданында алғаш рет ұйымдастырылып жатқанын айтып, Қорқыт Ата атындағы өнер мектебінің ұжымы мен барша қазалылықтарға шынайы алғысын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: