Компьютерде көп отыратын адам кофе ішуі тиіс – Kyzylorda News
Басты бет

Компьютерде көп отыратын адам кофе ішуі тиіс

17.12.2019, 11:00

438 0

Kyzylorda-news.kz. Кофе – адам ағзасында пайдалы сусындардың бірі. Оның құрамындағы эфир майы болғандықтан, хош иіске ие. Ол жүйке жүйесін тыныштандырып, адам ағзасына белсенділік сыйлайды. Миды сергітіп, көңіл-күйді жақсартады. Сондай-ақ, тұмау тигенде кофенің пайдасы аса зор. Кофе дәнінің құрамындағы заттар тамақты жібітіп, аурудан тезірек сауығуға көмектеседі. 

Күнделікті уақытын компьютер алдында өткізетіт адамдарға кофе ішу артық болмайды. Себебі, компьютер сәулелері келтіретін зиянды әсерден, атап айтсақ көзден жас ағу, көз құрғауы т.б сияқты жайсыздық алдын алу үшін кофе қолдануға болады. 

Кофенің мұндай пайдасы барын Токио университетінің ғалымдары анықтады. Олар 78 адамға экперимент жүргізген. Бірнеше күннен кейін адамдарға кофе немесе құрамында кофе бар дәрі-дәрмек ұсынған. Кейін белгілі болғандай, кофе ішкендердің көздері жақсарып, көңіл-күйлері жақсарған.

Зерттеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша, кофе көздің сөл бөлетін безіне қатты әсер етеді. Зерттеу тобының басы-қасында жүрген ғалым Рейко Арито көздің құрғауын қарсы кофені қолдануға болатынын, көп жағдайда сезімтал жандарға кофе ішуге кеңес беретіндігін айтты.

Зерттеуші ғалымдардың тағы бір тобы көз ауруы пайда болса, бірден офтолмологқа баруды ұсынады. Яғни, дерттің емін арнайы маман жақсы біледі дегеннен болса керек. Бүгінде көз ауруының алдын алу үшін компресстер, сүрту мен арнайы тамызғыш дәрі-дәрмек қолданылады.

Stan.kz

0

Пікір қалдыру