Kyzylorda-news.kz. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті коммуналдық қызметтердің ақысын көтеруге мораторий енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халық үшін реттелетін коммуналдық тарифтерді (сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау) көтеруге мораторий енгізілді», – делінген ресми хабарламада.
Осылайша барлық коммуналдық төлем 2021 жылғы желтоқсан айының деңгейінде 180 күн сақталады. Барлығы 103 монополист өз тарифін түзетті.
Комитеттің есебіне сәйкес, мораторийдің арқасында халық шамамен 3,2 миллиард теңге үнемдейді. Атап айтқанда:
- жылумен жабдықтау – 1 442 миллион теңге;
- электрмен жабдықтау – 839,7 миллион теңге;
- сумен жабдықтау – 367,6 миллион теңге;
- су бұру – 224,6 миллион теңге;
- газбен жабдықтау – 318,7 миллион теңге.