Kyzylorda-news.kz Бүгін Қармақшы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті жиналыс өтті.

Жиында облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте қаралған мәселелер талқыланып, өткен жылыту маусымының қорытындылары мен алдағы 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы қаралды.

Қармақшы ауданы бойынша барлық әлеуметтік нысанның жылу жүйелері, отын қоры және коммуналдық қызметтердің қысқы кезеңге дайындығы талқыланды. 

Осы ретте Жандос Еркінбек: «Жалпы жылу беру маусымы кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан бұл салаға аса жауаптылықпен қарау қажет. Бірінші кезекте тұрғындарды қатты отынмен толық қамтамасыз етуіміз керек», – деп ескертті.

Сондай-ақ аудан әкімі жауапты сала басшыларына коммуналдық инфрақұрылым нысандарын уақытылы жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты. Әлеуметтік нысандардың барлығы белгіленген мерзімде жылу беру маусымына толық дайын болуы керектігін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырды.

Мәжілісте бұдан бөлек, салық базасын ұлғайту мәселелері қаралды. Ауданда тиімді салық саясатын жүргізу, аудандық бюджетке түсімдердің толыққанды түсуін, тиімді игерілуін сапалы ұйымдастыру - басты міндет. Бүгінгі күні аймақ басшысы салық базасын ұлғайтып, қосымша резервтер тартуға ерекше мән беруде. Сондықтан бұл мәселе қазіргі жағдайда өте өзекті болып отыр.

Сондай-ақ жолаушылар тасымалын реттеу бойынша: «Жосалы кентінен Қызылорда қаласы және Төретам кентіне жолаушылар тасымалымен айналысып жүрген автокөліктерде қауіпсіздік шараларының сақталуы және автокөлік иелерінің жұмысы заңдылыққа сәйкестігі қатаң қадағалануы қажет»,- деп аудан басшысы бірнеше міндеттерді жүктеді.

Жиын қорытындысында тиісті бөлімдер мен мекемелерге тапсырмалар беріліп, қаралған мәселелердің орындалуы әрқашан бақылауда болатыны ескертілді.

Қармақшы жылыту маусымы қорытынды 2.jpg

Тағы да оқыңыз: