Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Арал теңізінің құрғаған ұлтанында алдағы бес жыл ішінде 1,1 млн. гектар сексеуіл екпелерін ұлғайту жөніндегі тапсырмасы жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Биылғы жылға жалпы аумағы 250 мың га жерге фитоорманмелиорациялық шаралар жүргізу көзделді. Көктем айларында орман мекемелерімен 12 мың га жерге 3600 мың дана сексеуіл көшеті отырғызылды. Күз айларында 51,4 мың га табиғи өсіп өнуге ықпал ету жұмыстары және 32 мың га жерге механикалық жолмен 115 тонна сексеуіл тұқымын себу жұмыстары жүргізілді.

Арал теңізінің құрғаған ұлтанында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу үшін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Қылышбаев ауданға іс сапармен арнайы барды.

Жұмыс сапары барысында Комитет төрағасы теңіз ұлтанында жұмыс істеп жатқан орманшылармен кездесіп, олардың қызмет барысымен және орманшылардың сексеуіл егу механизмдерімен танысты.

Айта кетейік, 2023 жылы Арал теңізінің құрғаған ұлтанына облыс бойынша 100 мың гектарға фитоорманмелиорациялық жұмыстарын жүргізу, оның ішінде 53 мың гектарға сексеуіл көшеттерін отырғызу және 47 мың гектарға галофитті өсімдіктердің тұқымын себу жоспарланып отыр.

318411409_1356756405079838_4248647952368198733_n.jpg

Тағы да оқыңыз: