Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырыстары өтті.

Күн тәртібінде құрылыс саласында сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтарды болдырмау бағытында қабылданған шаралардың мәселесі қаралды.

Комиссия төрағасы Асылбек Шаменов жобалар аясында бөлінген қаржылардың тек нақты атқарылған жұмыстарға сәйкес төленуін қадағалауды, сондай-ақ, қала әкімдігіне қарасты барлық мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтардың алдын алу шараларын жүргізуді тапсырды.

Келесі кезекте, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қала көлемінде жол қауіпсіздігін сақтау, жол-көлік оқиғаларын төмендету бағытында және қала аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстардың жайы талқыланды.

Сонымен қатар, комиссия мүшелері мәселелердің шешілуіне қатысты бірқатар ұсыныстарын білдіріп, құзырлы органдармен бірлесу арқылы атқарылатын жұмыстарды жандандыруды ұсынды.

33.jpg36.jpg34.jpg

Тағы да оқыңыз: