Kyzylorda-news.kz. Қазалы қаласындағы аграрлы-техникалық колледжінде 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай есірткі және нашақорлықтың алдын алу профилактикалық шараларының іс-шара жоспарына сәйкес дене тәрбиесі пәні оқытушыларының және «Студенттік парламент» ұйымы «Салауатты өмір салты» фракциясының ұйымдастыруымен отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіріп, студенттер мен ата-аналар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Әкем, шешем және мен» атты эстафеталық жарыс өткізілді.
Аталмыш шара барысында студенттер отбасы ұғымының мағынасын терең түсініп, ондағы әке мен шеше рөлінің маңыздылығына тоқталды.
Спорттық жарыс кезінде ауызбіршілік пен ептілікке, шапшаңдық пен ұйымшылдыққа ұмтылды. Бес кезеңнен тұратын жарыс нәтижесі бойынша жүлделі бірінші орынды №22-1 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» оқу тобының студенті Кемал Динараның «Базаровтар» отбасы, екінші орынды №21-6 «Ауылшаруашылығын механикаландыру» оқу тобының студенті Тоқтамұрат Ерқанаттың «Тоқтамұратовтар» отбасы және үшінші орынды №21-4 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу шебері» оқу тобының студенті «Әбдінәбиевтер» отбасы иеленді. Жарсқа қатысушыларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар табыстылап, естелік сыйлықтар берілді.