Kyzylorda-news.kz И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіруге бағытталған кездесу болып өтті. 

Оған колледж ұстаздары қатысты. Кездесу барысында қалалық ақпараттық топ мүшесі, қоғамдық даму бөлімінің басшысы А.Қайруллаев Жолдаудың негізгі бағыттары туралы айтып, алдағы іске асырылатын жұмыстарға тоқталды. 

Кездесуге қатысқан ұстаздар Президент Жолдауын қолдайтындықтарын, ондағы міндеттерді орындауға атсалысатындықтарын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: