maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенттеріне құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту мақсатында атқарылатын жоспарға сәйкес 1-2 курс студенттері арасында «Тәңір сыйын есірткіге алмастырма» тақырыбында бейнероликтер конкурсы өтті.

Байқаудың мақсаты - адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа, денсаулыққа, баулу.

Салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын-алу мақсатында ұйымдастырылған бейнесайыста әр топ сапалы, әрі мағыналы бейнероликтер түсіріп, көрермен назарына ұсынды. 

Сайыс нәтижесінде І орынды «Нашақорлық- қоғам дерті» тақырыбында Мұратбек Қамар иеленді. Ал ІІ орынды «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында Бимырза Надиров қанжығасына байласа, ІІІ орыннан «Тәңір сыйын есірткіге алмастырма» тақырыбында Нұршапағат Дүкенбаев көрінді.

Динара МАХАНОВА

342818336_982555299782050_4406123050968310530_n.jpg342839716_242211348315239_5069450003954513029_n.jpg

Тағы да оқыңыз: