Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласының аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Бір апта көлемінде 17 заң бұзушылық анықталды.

Нәтижесінде Көші-қон заңнамаларын бұзған ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабымен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 12 шетелдік анықталды.

Сонымен бірге ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамадарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 4 азаматына әкімшілік шаралар көрілді.  Шетелден келген азаматтарды Қызылорда қалалық полиция басқармасы үнемі бақылауда ұстап, түрлі шаралар негізінде жұмыстар жасайды.

Осыған байланысты, алдағы уақытта да аталған бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері нақты тапсырмалар бойынша тиісті ұйымдастырушылық шаралар қабылдауда. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.

Фото: Сыр бойы 

Тағы да оқыңыз: