Kyzylorda-news.kz Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Ермек Көшербаев туралы не белгілі
Ермек Көшербаев 1965 жылы Алматы қаласында туған.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.
Еңбек жолын1988 жылы Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінде аға инспектор болып бастаған.
1997–1999 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі болған.
2000–2010 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеген.
2010–2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болған.
2014-2018 жылдары Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы лауазымдарында қызмет еткен.
2018–2020 жылдар аралығында Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымдарын атқарған.
2020 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі.
2023 жылдың маусымынан бүгінгі күнге дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды.
Ермек Көшербаев бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды
Фото: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі