Kyzylorda-news.kz Қала әкімдігінің баспасөз орталығында «Көшбасшылар мектебі» жобасы бойынша баспасөз конференциясы өтті. Онда жобаға қатысу шарттары мен іріктеу кезеңдері туралы кеңінен ақпарат берілді.

Аталған жоба белсенді, бастамашыл жастардың көшбасшылық қабілетін дамытуға, тәжірибе жинақтауға, қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беретін маңызды алаң.

Жобаға қатысуға ниетті жастар арнайы сілтеме арқылы тіркеліп, белгіленген ережемен таныса алады. Іріктеуден өткендер оқыту бағдарламасына, түрлі тренингтер мен тәжірибелік сабақтарға қатысады. 

Тағы да оқыңыз: