maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» комуналды мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай жастар арасында «Жүзден жүйрік» интеллектуалды сайысы өтті.

Шараны Қармақшы ауданы III Интернационал ауылының әкімі Нұрлыбек Ізбасарұлы ашып, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жастардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көпұлтты еліміздің тыныштығы мен бірлігін нығайтуға үлес қосатын азамат болуға тәрбиелеу және мемлекеттік тіл саясатының жүргізілу барысы туралы таным көкжиегін кеңейтіп, жалпы білімін толықтыру мақсатында өткен сайысты Орталық директорының орынбасары Жанкүл Ерекешова жүргізді.

Сайысқа ІІІ Интернационал ауылының 16-35 жас аралығындағы түрлі салада қызмет ететін мекеме, ұйым қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңаша форматта өткен интеллектуалды сайыста қатысушылар төрт кезең бойынша география, тіл, саяхат, тарих, мәдениет пен өнер салаларына қатысты сұрақтар бойынша сынға түсті.

Нәтижесінде №9 «Достық» бөбекжай балабақшасының тәрбиешілері Айсұлу Әбдісәлімова мен Арай Олжабай, «Бади-нұр» балабақшасының тәрбиешілері Мереке Сегізбай мен Балауса Умарова, №108 орта мектеп мұғалімі Гульяр Искендировалар үздік нәтиже көрсетті.

Сайыс соңында шараның өтуіне ықпал еткен ауыл әкімі Н.Сайымовқа, сондай-ақ, кезең бойынша сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушылар мен шара барысында өнер көрсеткен ауыл тұрғындарына Орталық директорының Алғыс хаты мен арнайы сый-сыяпаты табысталды.

Тағы да оқыңыз: