Kyzylorda-news.kz 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай шаһарымызда кең көлемді шаралар бастау алды. Соның бірі, «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен  өткен балаларға сый-құрмет іс шарасы.

Мерейлі мерекеге орай партияның қалалық филиалы  көпбалалы отбасылардың бүлдіршіндеріне кинотеатрға жолдама сыйлады. Игі істің іске асуына  партиямыздың қалалық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері мұрындық болды. 

Қаламыздағы «Aray City Mall» ойын-сауық орталығында өткен мерекелік шарада  балаларға тәттілер мен сусындар ұсынылып, естен кетпес қызықты сәттің куәсі болды. 

Іс-шарада партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Исақызы Мұсаева барша балалар қауымын мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. 
Киносеанс соңында барша балалар мен ата-аналар партияның тарапынан шараға атсалысқан фракция мүшелеріне Алғысын жеткізді. 

fbdee2ac-6134-4ecb-8438-29f51ab8d00c.jpg

63a7b707-c3f9-4596-91ba-37291c150bdd.jpgf9ef6ff3-c7b0-4aa7-ac7d-abc3c1990982.jpg

Тағы да оқыңыз: