Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік қайтарымсыз грантты иеленген азаматтар өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыруда.
Соның бірі – Сырдария ауданының тұрғыны, көпбалалы ана У. Кубесова 2023 жылы кәсіппен айналысу мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқып, аяқтау туралы электрондық сертификатын алған.
Комиссияның мақұлданған шешімі негізінде 2023 жылдың наурыз айында өзінің «Тігін шеберханасын ашу» мақсатындағы бизнес-идеясын іске асыру мақсатында 400 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде грант жеңімпазы атанған.
Қазіргі уақытта, қосымша жұмыс орнын ашып, бір адамды тұрақты жұмысқа қабылдап, өзінің кәсібін дамыту мақсатында жұмыс жасауда.