Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа экономикалық саясаты алдағы кезеңде, ең алдымен, барлық қазақстандықтың өмір сүруі мен әл-ауқаты жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етумен байланысты екенін атап өткен еді. Оның жаңа реформасында Қазақстан даму банкінің жұмыс форматын елдегі шағын және орта бизнесті дамытуға көмектесетіндей қайта қарауды ұсынған болатын.

Қазір мемлекет тарапынан мүмкіндік көп. Сол мүмкіндікті тиімді пайдаланған Рашид Бисенбекұлы 1988 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Санаты – көпбалалы әке.

Ол – 2022 жылы кәсіппен айналысу мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқып, аяқтау туралы электрондық сертификатын алған.

Комиссияның мақұлданған шешімі негізінде 2022 жылдың наурыз айында өзінің «Пластиктен өнімдерін дайындау» бойынша бизнес-идеясын іске асыру мақсатында 400 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде грант жеңімпазы атанған.

Қазіргі уақытта, қосымша жұмыс орнын ашып, бір адамды тұрақты жұмысқа қабылдап, өзінің ұйымдастыруымен кодитерлік өнімедер даярлау, кәсібін дамыту мақсатында жұмыс жасауда.

380831086_631488612503701_5133011737095283098_n.jpg

Тағы да оқыңыз: