Kyzylorda-news.kz Өткен ғасырдың көзіндей қастерлі орын А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі – қазір Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші. Бұл нысан 1959 жылы күйдірілген кірпішпен салынған. Яғни, биыл ғимаратқа 66 жыл толды.

Бұл нысан посткеңестік кезеңдегі ғимараттарға тән архитектураның озық үлгісі саналады. Ғимарат кеңдігімен ерекше, онда классикалық еуропалық және шығыстық үлгілердің керемет үйлесімі бар. Ғимараттың жалпы құрылысы үш қабатты. Ескерткіштің ішкі және қасбеті ұлттық нақышта дайындалған гипстермен қапталған. Орталық бөлігі – көрермендер залы. Ол 300 адамға есептелген.

2018 жылы Қызылорда облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің 3D форматтағы интерактивті картасына енгізілген. QR-код тақтайшасы орнатылды.

Тарихына келсек, өткен ғасырдың 70-жылдарына дейін ғимаратта Қызылорда қаласының концерттік-эстрадалық бюросы орналасқан болатын. Ал, 1972 жылдан бастап мұнда Қызылорда облыстық мемлекеттік филармониясының негізі қаланды. Нарық талабымен бір кездері жекенің қолына өткен де уақыт болды. Кейіннен қайтадан мемлекетке қайтарылды.

Тағы да оқыңыз: